Ерке Есмахан Райм екеуінің концерттері болмайтынын хабарлады 

Ерке Есмахан Райм екеуінің концерттері болмайтынын хабарлады 
11.02.2025 15:46
0
90
instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан жұбайы Райм екеуінің биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-та өтеуі тиіс концерттері болмайтынын хабарлап, тыңдармандарынан кешірім сұрады. Бұл туралы эстрада жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

"Ақпанның бесінде визаға тапсыруға бардық. Кеше 10-ында паспортымды визасымен бірге алдым. Бірақ маған Америкада болуға берген уақыты екі-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-не дейін. Біздің концерттердің уақытымен мүлде сәйкес келмейді. Сөйтіп, білікті мамандармен ақылдасып, сөйлесіп, шешімге келдік. Егер біз визаның уақытына қарамай ұшып барып, концерт қойсақ бұл заңсыз. Әрине, АҚШ-қа визадағы уақытпен кіріп кетіп, біраз күндей жүруге де болады. Бірақ жұмыс істеуге болмайды. Әсіресе, бұл жаңа президенттің қатты бақылауында. Сонымен концерт өтпейтін болды. Билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз", - деп жазды әнші Instagram-дағы Stories-та.   

Өнер иесі АҚШ-қа осымен үшінші рет жолы түспей отырғанын жеткізді. Айтуынша, бұған дейін де визаға қатысты мәселелер болған. 

"Бұйырмаған Америка болды. Исламға аяғым ауыр кезде де визамен кедергілер болып, Райм АҚШ-қа өзі барып концерт қойып келген еді. Одан кейін, енді міне тағы виза шаруасы. Осымен үшінші рет жол түспеді", - дейді Ерке Есмахан.  

Айта кетейік, Ерке Есмахан отбасымен Еуропа елдеріне жасаған саяхатынан кейін жуырда елге оралған болатын. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий