Ерлі-зайыптыларды ажырастырмайтын қатаң заң қабылданды
Өзбекстанда ажырасқаннан кейін ер адам бұрынғы жұбайын тұрғын үймен қамтамасыз етуге немесе оның жалдау ақысын төлеуге міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.
Өзбекстан Сенатында әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа заң жобасы мақұлданып, құжат әрі қарай қабылдау үшін президентке жолданды. Аталған бастама отбасылық қатынастарды реттейтін бірнеше заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Негізгі назар ажырасудан кейін әйелдердің баспана мәселесін заң жүзінде реттеуге аударылып отыр.
Жаңа түзетулерге сәйкес, неке бұзылғаннан кейін әйелдің тұруға жарамды тұрғын үйі болмаса, оған баспана ұсыну мәселесі міндетті түрде қаралады. Әсіресе, бұрынғы ерлі-зайыптылар ортақ үйде тұрған жағдайда, сол тұрғын үйді пайдалану тәртібі заңмен реттелмек.
Ал егер бұрынғы күйеуінің жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, ол әйелдің жалдамалы пәтер ақысына қаржылай көмек көрсетуге міндеттелуі мүмкін. Мұндай шешімді сот тараптардың материалдық жағдайын, мүліктік мүмкіндіктерін және ортақ балаларының мүддесін ескере отырып қабылдайды.
Заң жобасының авторлары бұл өзгерістердің басты мақсаты – ажырасудан кейін әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан осал күйге түсуінің алдын алу екенін айтады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай норма әйелдердің құқықтық қорғалуын күшейтіп, баспанасыз қалу қаупін азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, құжатта отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қатысты да бірқатар жеңілдетулер қарастырылған. Атап айтқанда, зорлық көрген тараптың өтініші бойынша сот бітімге келу мерзімін белгілемей-ақ ажырасу процесін бастай алады.
Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Құқық қорғаушылар мен сарапшылардың бір бөлігі бұл бастаманы әйелдердің әлеуметтік қорғалуын арттыратын маңызды қадам деп бағаласа, енді бірі оның тиімді жүзеге асуы сот тәжірибесі мен әлеуметтік қолдау тетіктерінің дұрыс жұмыс істеуіне тікелей байланысты екенін атап өтуд
Соңғы жаңалықтар