«Ешкім көрімдік бермеді»: Серік Ибрагимов көліктерін көрсетіп мақтанды
386
Танымал әнші Серік Ибрагимов өзі мен әйеліне алған көлікті көрсетіп, көрімдік сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі жеке парақшасында видео бөлісіп, су жаңа көліктерінің маркасын да жасырмады.
“Біздің жаңа темір тұлпарларымыз. Баршаңызға жұғысты болсын! Көрімдік жіберемін дейтін ойыңыз болса, Айнамкөзге жіберіңіз”, – деп жазды әнші.
Алайда өнер иесі ешкімнің көрімдік аудармағанын айтып, ренішін жеткізді.
“Бір де бір адам көрімдік бермеді. Осы адамдар қызық?! Жұғысты болу үшін көрімдік беру керек емес пе?! Біз болсақ барымызды береміз. Мынау майды ішеді екен. Машинамның маркасы анық көрініп тұр. Құны – 100 миллион теңге”, – деді өнер жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...
03.10.2026
11:18
Ақтауда бала өлімінен кейін балалар хирургі ұст...
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...