"Сен өмірімізді өзгерттің": Танымал блогер Елдос Колобоктың ұлы 1 жасқа толды
Танымал отандық блогер Елдос Кәдірханов (Елдос Колобок) пен оның жұбайы Таңшолпанның көптен күткен тұңғышы Әлем 1 жасқа толды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қуанышты жаңалықпен бөліскен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына арнап әсерлі жазба жариялады:
«Әлем Елдосұлы 1 жаста! Туған күніңмен, құлыным, өмірім, қызығым, бұзығым. Сен өмірімізді өзгерттің, сен бізді өзгерттің. Сен бізге әке-ана деген атақ бердің, ол статустың салмағы мен жауапкершілігі қандай екенін сездірдің. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Алғашқы туған күнің құтты болсын, сенің 50 жас тойыңда «жаным балам» деп Танчо екеуміз ән айтып тұрайық. Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Тіл-көзден аман болсын деп тілек жаудырып қойыңыздар, біздің тілекші болған оқырман», — деп жазды Елдос Колобок.
Желі қолданушылары кішкентай Әлемнің алғашқы туған күнімен жарыса құттықтап, жұлдызды жұптың отбасына амандық пен бақыт тілеп жатыр.
Соңғы жаңалықтар