Есірткімен ұсталған әнші Qarakesek туралы тың ақпарат шықты

26.09.2025 11:06 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Есірткімен ұсталған әнші Qarakesek туралы тың ақпарат шықты
0
388
ашық дереккөз

Qarakesek-ке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Омар Амантаевты (Qarakesek) Ақтөбеде ұстағаннан кейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп таныды. Амантаев 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Tengrinews.kz мәліметінше, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Егер музыкант есірткіні заңсыз сақтады деп танылса, оған 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл (2025 жылы – 629 120 теңге) не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 40 тәулікке дейінгі жаңа қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін рэперге тек әкімшілік қамау қолданылғаны хабарланған. Ал есірткі сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны жайлы полиция таратпаған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий