Ескерту жасағаны үшін: Петропавлда пациент дәрігердің бетінен ұрып жіберді

28.08.2026 • 19:49 Қарақат АСЫЛОВА
Ескерту жасағаны үшін: Петропавлда пациент дәрігердің бетінен ұрып жіберді
928
Фото: istockphoto.com

Петропавлда емханаға келген 51 жастағы ер адам дәрігермен жанжалдасып, медицина қызметкерінің бетінен ұрған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 17 тамыз күні таңертең қалалық емханалардың бірінің дәлізінде болған.

Полиция мәліметінше, дәрігер пациентке ескерту жасағаннан кейін екеуінің арасында жанжал туындаған. Артынша ер адам медицина қызметкеріне күш қолданған.

Аталған факті бойынша қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық жасау дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий