FlyArystan әуе компаниясы 1 жолаушыдан 9,5 млн теңге өндіріп алды
946
FlyArystan әуе компаниясы ұшақтың төтенше жағдайда ғана ашылатын есігін ашқан жолаушыдан 9,5 миллион теңге өндіріп алды.
Нақты айтқанда, әуе компаниясы Шымкенттен Алматыға ұшқан ұшақтың бүйіріндегі есікті ашып жіберген жолаушыны сотқа берген. Нәтижесінде Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты әуе компаниясының пайдасына 9 млн 551 мың теңге шығын өндіру туралы шешім шығарды.
Оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында, Шымкент-Алматы бағытында ұшқан KC7106 рейсінде болды. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушылардың бірі 12-қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған есікті ашып жіберген. Осылайша, әуе компаниясына 9 551 922 теңге көлемінде шығын келді, - деп хабарлады FlyArystan-ның баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...
28.09.2026
17:20
«Екі ұлымыздан айырылдық»: Каспийдегі сұмдықтан...
28.09.2026
17:06
«Қара бүркіт» емес: Атырауда 4 адамды өлтірген ...
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...