Ғалымдар ғаламдық жылынудың кесірінен әлем елдері кедейлікке тап болады деп болжады

Ғалымдар ғаламдық жылыну тоқтамай, планетада ауа температурасы 4 градусқа көтерілсе, әлемдік экономикаға кері әсер етеді деп болжады.
Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аустралиялық мамандардың дерегіне сәйкес,мұндай жағдайда орта деңгейдегі әр адам 40% кедейлене түседі.
Сарапшылар есебі бойынша ғаламдық жылыну деңгейі екі градустан жоғары деңгейде қалса да, Жердегі әр адамға шаққандағы жалпы ішкі өнім 16% қысқарады. Бұған дейінгі есепте жалпы ішкі өнім тек 1,4% төмендейді делінген еді.
Аустралиялық ғалымдар өз болжамында жаңа әдісті қолданған. Ұл үшін танымал экономикалық модельді климаттың өзгеруіне қатысты болжамдармен толықтырған. Осылайша табиғат жағдайының ғаламдық тауар айналымына әсерін анықтаған.
Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті Климаттық қатерлер және әрекет ету институтының докторы Тимоти Нил бұған дейін ғаламдық температура айтарлықтай өссе де, бұл әлемдік экономикаға көп әсер етпейді деп есептелгенін жеткізді. Алайда бұрынғы болжамда тек аймақтық жайттар ескерілген. Нилдің сөзінше, келешекте "жеткізу легінде каскадты ауытқулар" орын алуы мүмкін. Сондай-ақ бұл тығыз сауда байланысы бар елдерге қатты әсер ететінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар





