Гей-клубтар саны 50-ден асады - қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева Алматы мен Астана қалаларында 50-ден астам гей-клуб бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.
Белсендінің айтуынша, аталған клубтар белгілі бір орта ретінде қалыптасқан және ондағы адамдардың бас қосып, өзара қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік береді.
«Санайтын болсақ, Алматы мен Астана қалаларында 50-ден астам гей-клуб бар. Олар сол жерге шоғырланып, өзін де көрсететін, өзгелерді де көретін бір орта шығар. Қабылданған заң тек насихатқа ғана шектеу қояды, ал клубтардың жабылуына ешқандай әсер ете алмайды», – деді Бағила Балтабаева.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заңға қол қойған болатын. Аталған заң қоғамдық кеңістіктегі ақпараттық насихатқа шектеу енгізуді мақсат етеді, алайда жеке мекемелердің қызметіне тікелей тыйым салмайды.
Соңғы жаңалықтар