Гүлзира Тұрсынбектің қызын табалдырықта қалдырды

12.11.2025 10:49 Берік Арманов
Гүлзира Тұрсынбектің қызын табалдырықта қалдырды
0
129
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың үйінде түсірілген видео көпшіліктің назарын аударып, қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz.

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде жарияланған бейнежазбада әнші Қайрат Нұртастың анасы өз үйіндегі сәтті бөліскен. Алайда видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айымның есік алдында босағада тұрып қалған сәті байқалып, жұртшылықтың көңілін күпті етті.

Көріністе үй иелерінің ешқайсысы қонақты төрге шақырмаған. Осы жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қазақы ілтипат пен салт-дәстүрге байланысты пікірталас туғызды.

Көпшілік бұл жайтты жылы шырай мен қонақжайлықтан алыстап кеткендіктің көрінісі деп бағалады.

"Босағада тұрған қызға төрге өт дейтін бір адам табылмағаны қалай?", "Қонақты табалдырықта қалдыру – өзіңнің қандай екеніңді көрсетеді", "Суық амандасып, қолынан телефонын тастамаған келіндерге қарап ішім ашыды", "Төрлет деп айтпағаны – қазақы салттан алшақ кеткеніміздің белгісі", – деді желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий