Халықаралық «Ақ көгершін» фестивальінен Алматы облысының балалары жүлделі оралды
382
2023 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыр күндерінің аралығында елордамыз Астана қаласында XVI-Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтті, - деп хабарлайды Адырна порталы.
«Ақ көгершін» балалар қорының» ұйымдастыруымен өткен шараға Астана қаласының әкімдігі мен «Жастар» сарайы демеушілік етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль мектептен тыс ұйымдардың баланың жеке тұлға ретінде дамуындағы алатын рөлін арттыру, өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға сай тәрбиелеу, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және олардың шығармашылық қызметін жандандыру мақсатында өткен.
Байқауға қатысушылар вокал, халықтық орындау, аспапта орындау, би өнері, балалар сәні, сән театры, өзіндік жанр, көркем сөз, бейнелеу өнері секілді номицияларға қатысып, бақ сынады.
Аталған байқауға Алматы облысынан Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы қолдау білдіріп, бәйгеге қосқан үш өнерпазы да әділқазы алқасының жоғары бағасына ие болып, жүлделі орындарды қанжығасына байлап қайтты.
Мәселен, «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бас жүлде Талғар ауданы, Нұра ауылының тумасы Аянқызы Аяжанның еншісіне бұйырды. «Вокал» номинациясы бойынша (кіші топ) Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылының тұрғыны Нұрболатұлы Ереңбақ бірінші орын алды. Ал, орта топтан «Вокал» номинациясы бойынша Кеген ауданының Кеген ауылынан келген Баратбек Абылай екінші орынды иеленді.
Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы жүлдегерлерді жеңістерімен шын жүректен құттықтайды!
Байқауға қатысушылар вокал, халықтық орындау, аспапта орындау, би өнері, балалар сәні, сән театры, өзіндік жанр, көркем сөз, бейнелеу өнері секілді номицияларға қатысып, бақ сынады.
Аталған байқауға Алматы облысынан Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы қолдау білдіріп, бәйгеге қосқан үш өнерпазы да әділқазы алқасының жоғары бағасына ие болып, жүлделі орындарды қанжығасына байлап қайтты.
Мәселен, «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бас жүлде Талғар ауданы, Нұра ауылының тумасы Аянқызы Аяжанның еншісіне бұйырды. «Вокал» номинациясы бойынша (кіші топ) Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылының тұрғыны Нұрболатұлы Ереңбақ бірінші орын алды. Ал, орта топтан «Вокал» номинациясы бойынша Кеген ауданының Кеген ауылынан келген Баратбек Абылай екінші орынды иеленді.
Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы жүлдегерлерді жеңістерімен шын жүректен құттықтайды! Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...
10.04.2026
17:15
"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді
10.04.2026
16:48
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көме...
10.04.2026
16:10
"Іздеп барған": Ақбаян Мұқанғалиева туралы журн...