Халық 2026 жылы жаңа киім алуды тоқтатады - депутат
2026 жылы жаңа салық режимі күшіне енсе, халықтың сатып алу қабілеті төмендеуі ықтимал. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов «Айқап» подкастында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайда жұрт ең алдымен күнделікті аса қажетті тауарларға ғана басымдық береді.
«Халық дәрі-дәрмек, азық-түлік, ет сияқты ең қажетті заттарды сатып алып, қалған шығындарын қысқартады. Демалыс пен киім-кешек кейінге қалады. Бұған не себеп? Экономиканың және халық әл-ауқатының өсу қарқыны салық пен инфляцияның өсуімен тең емес. Экономика өсіп жатыр, бірақ инфляция одан да жылдам», — деді ол.
Айтуар Қошмамбетов бұл мәселеде үкіметті ғана кінәлау дұрыс еместігін де атап өтті. Оның сөзінше, жағдайға сыртқы факторлар да айтарлықтай ықпал етеді.
«Бұл көрші елдердегі ахуалға тікелей байланысты. Ресейде де, АҚШ-та да тауар айналымы үлкен. Соғыс жүріп жатыр, мұның бәрі нарыққа, соның ішінде бізге де әсер етеді», — деді мәжілісмен.
Соңғы жаңалықтар