«Халық аурушаң ұлын емдей алмай отыр»: Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік сыйлаған Мадина Садуақасованы сынап тастады
655
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат сыйлық әперген әріптесі Мадина Сәдуақасованы сөкті.
басылымының хабарлауынша, Мадина Садуақасова құны 42 миллион теңге тұратын су жаңа көлікті ұлының туған күніне сыйлаған еді.
“Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялып жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүрген. Бір көше жетпей тоқтап, жаяқ қатынапты. Маған да, “Мама, машинаны инстаграмға салмашы” дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдейалмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ”, – деп жазды әнші.Еске салайық, өнер иесінің ұлы жеке парақшасына жазба жариялап, көліктің маркасын да айтып үлгерген еді.
"Құттықтауларыңызға рақмет! Lexus RX 350! 2024 жылы шыққан. Анам түрлі қалаларда, әкем жұмыста. Ал маған мектепке, түрлі жұмыстармен көп жүру керек. Ескі көлікті жаңартып берді", – деп жазды өнер иесінің ұлы Әнуар.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
11:11
«Вокал да, талант та жоқ»: Бақыт Тұрман қазіргі...
05.10.2026
11:00
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен миллиондап...
05.10.2026
10:35
Астанада автобус 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін
05.10.2026
10:26
Азамат Есқараев елші қызметінен босатылып, През...
05.10.2026
10:20
Тоқаев ауыс-түйіс жүргізді
05.10.2026
10:09
Тамағын қоқыстан тапқан: БҚО-да 10 жастағы бала...