«Хайп па, әлде шынайы сезім бе?» Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа көзге түсті

23.12.2025 10:59 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Хайп па, әлде шынайы сезім бе?» Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа көзге түсті
0
61
Коллаж: Politico.kz

Актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде Бота Миа атымен танымал блогер Ақбота Нұрахынды әуежайда қарсы алған видеосын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz

Кадрда актер блогерге гүл шоғын сыйлап, құшақтап қарсы алады. Кейін екеуі бір көлікке отырып, бірге кетеді. Бұл сәт желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа арасында ерекше қарым-қатынас бар деген сыбыс тараған болатын. Ал бұл видео аталған қауесеттерді растағандай әсер қалдырды.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі жұпқа ақ тілегін арнап, бақыт тілесе, енді бірі бұл әрекетті жай ғана хайп немесе контент деп бағалап отыр.

Пікір қалдырушылардың арасында:

«Мына қызға қимаймын сені!», «Бұл жай ғана контент, сеніп қалмаңдар», «Өте мықты маркетинг», «Хайп деп үміттенеміз», «Бота біраз жігітпен жүріп тастаған, тірлігі де түсініксіз» деген сыни әрі күмәнді көзқарастар да бар.

Қазіргі таңда актер мен блогер тарапынан қарым-қатынастарына қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Сондықтан бұл видеоның шынайы сезімнің көрінісі ме, әлде әлеуметтік желідегі кезекті хайптық контент пе ол жағы әзірге көпшілікке жұмбақ болып тұр.

Желіде қызу талқыланып жатқан бұл оқиға әлі де оқырман назарынан түсер емес.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий