Индонезияда екі қазақстандыққа өлім жазасы төніп тұр

Индонезияда екі қазақстандыққа өлім жазасы қаупі төніп тұр
Индонезияның Бали аралында есірткімен ұсталған екі қазақстандыққа өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Индонезия ақпарат құралдары жазды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматтардың ұсталғанын растады. Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондықтан өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.
“Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондықтан өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында” деп жазылған министрлік хабарламасында.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталған. Олардан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленгені айтылады.
Дереккөз: Азаттық Радиосы
Соңғы жаңалықтар





