Иран Израиль премьері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы берді
Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға тиесілі кеңсеге зымырандық шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, нысан Иранның оныншы қарсы шабуылы барысында Kheibar баллистикалық зымырандары арқылы атқыланған.
Бұдан бөлек, Иран Сауд Арабиясы аумағындағы стратегиялық маңызы бар мұнай өңдеу нысанына да соққы жасаған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Рас-Таннура өңірінде орналасқан Saudi Aramco мемлекеттік компаниясына қарасты зауытқа зақым келген.
Рас-Таннура Сауд Арабиясының мұнай-газ инфрақұрылымындағы аса маңызды орталықтардың бірі саналады. Бұл аймақта елдегі ең ірі мұнай өңдеу кешені және Парсы шығанағы жағалауындағы негізгі экспорттық терминал орналасқан. Дәл осы жерден Сауд Арабиясы өндірген мұнайдың елеулі бөлігі Азия, Еуропа және АҚШ нарықтарына жөнелтіледі.
Рас-Таннурадағы Saudi Aramco нысандарына жасалған шабуыл тек Эр-Рияд үшін ғана емес, бүкіл әлемдік энергетика нарығы үшін де үлкен стратегиялық маңызға ие. Saudi Aramco – әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы компания, ал оның инфрақұрылымы – жаһандық шикізат жеткізу тізбегінің негізгі буыны. Егер келтірілген залал көлемі ауқымды екені расталса, бұл жағдай аймақтық қақтығыс шеңберінен асып, ірі энергия тұтынушы елдерге әсер етіп, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалды одан әрі күрделендіруі мүмкін
Соңғы жаңалықтар