«Ирандағы соғыс 2-3 аптада аяқталады»: Трамп мәлімдеме жасады

01.04.2026 12:57 Мөлдір Талғат
«Ирандағы соғыс 2-3 аптада аяқталады»: Трамп мәлімдеме жасады
294
Фото: Carlos Barria / REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағындағы әскери қақтығыс жақын арада аяқталуы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақ үй басшысының айтуынша, бастапқыда бұл операция ұзаққа созылмайды деп жоспарланған. Оның сөзінше, әскери стратегия төрт-алты аптаға есептелген және қазіргі таңда негізгі мақсаттар орындалған.

«Қазір біз жұмысты аяқтап жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз — Иранның ядролық қаруға қол жеткізу мүмкіндігін шектеу болатын және ол нәтижеге қол жеткізілді», — деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар, ол Иранның қазіргі саяси басшылығы бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жұмсақ ұстаным танытып отырғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, тіпті ресми келісімдер толық рәсімделмесе де, қақтығыс тоқтауы мүмкін.

Алайда аймақтағы жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Соңғы күндері АҚШ-тың Иранға қарсы жерүсті әскери операция бастауы мүмкін деген ақпараттар таралуда. Бұл өз кезегінде Иран билігінің наразылығын тудырып, қорғаныс шараларын күшейтуге себеп болған.

Иран тарапы кез келген сыртқы қысым мен әскери әрекетке қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеді.
Жалпы, АҚШ тарапы «ядролық қауіптің алдын алу» миссиясы орындалды деп есептегенімен, қақтығыстың нақты қашан және қандай шарттармен аяқталатыны әзірге белгісіз күйде қалып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий