«Істі болды»: Дариға Бадықова ауыр кезең туралы айтты

«Істі болды»: Дариға Бадықова ауыр кезең туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында балалық шағы мен ата-әжесінің тәрбиесі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Politico.kz sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Өнер иесінің айтуынша, басына қиын күн туып, жеті баламен жалғыз қалған әжесі ешкімге жалынбай, адал еңбегімен күн көрген. Әжесінің осы қайсарлығы мен өмірлік ұстанымы актрисаның санасында терең сақталып, үлкен мотивацияға айналған:

«Апам айтатын: “Атаңның басына іс түскенде, жеті баламен қалдым. Жеті баламен қалып, біреуден бір шелек ұн алмағанмын”, — дейтін. Менің миымда осы қалып кеткен. Сен өз еңбегіңмен де осындай нан, дастарқаныңа ақша табуға болады екен ғой деген ой түйдім. Менде сол мотивация болды. Апамның бір ауыз сөзі. Ешкімнен ештеңе сұраған жоқпын, өзім еңбектендім. Атам істі болып қалған. Бәріне ризамын. Балалық шағымды өте қуанышпен, шапалақ ұрып тұрып еске аламын», — деді Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары актрисаның бұл әңгімесін жылы қабылдап, оның еңбекқорлығы мен тектілігіне тәнті болып, оң пікірлерін жазып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу