Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнында мұнай төгілді ме
797
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнының аумағында мұнайға ұқсас дақ байқалған.
Атыраудағы «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының төрайымы Галина Чернованың ақпаратына қарағанда, Каспий теңізінде мұнайдың төгілгені анықталған.
Ол бұл деректі еуропалық Sentinel-1A спутнигінің 30 наурыздағы радарлық суретіне сүйеніп, әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
«Осы ғарыштық мониторингті жүзеге асыратын топтың айтуынша, радарлық суретте қазақстандық учаскедегі «Қашаған» кен орны маңында мұнайдың төгілгені бейнеленген. Оның мынадай себептері болуы мүмкін. Біріншіден, өндіру кезінде мұнайдың кездейсоқ немесе апатты жағдайда төгілуі, екіншіден, сақтау және кәдеге жарату үшiн құрлыққа тасымалдануы тиiс мұнай өнiмдерi бар өнеркәсiптiк судың ағуы, үшіншіден, кемелерде төтенше жағдай болуы мүмкін», - дейді Галина Чернова.
Оның мәліметіне сүйенсек, мұнай төгілді делінген аумақ – шамамен 7 шаршы метр.
Соңғы жаңалықтар
21.08.2026
23:52
Мешітте "тамағы тесік" деп қайыр сұраған әкенің...
21.08.2026
23:40
Дина Төлепберген: Түркістанда ерлер әйелін білі...
21.08.2026
23:18
Қостанай облысында аудандық басқарма басшысы со...
21.08.2026
22:31
Ерсай өзінен 8 жас кіші күйеуі туралы: Маған өз...
21.08.2026
22:28
«Енді саясат туралы әзілдемесем»: Танымал әзіл...
21.08.2026
21:58
Феншуй маманы: Дәретханасы сыртқы есікке қарама...