Каспий Құбыр Консорциумы Украинаны сотқа береді

КТК Украинаға қарсы халықаралық сотқа жүгінбек: дрон шабуылынан келген шығын 2,7 млрд рубльге жетті
Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) 2025 жылдың ақпан–наурыз айларында дрон шабуылдары салдарынан келген зиян үшін Украинаға қарсы халықаралық сотқа шағым түсіруді бастады.
КТК бас директоры Николай Горбань мәлімдегендей, мұнай құбыры инфрақұрылымының зақымдануы 2,7 миллиард рубль көлемінде бағаланған. Консорциум бұл соманың ішінде тікелей және жанама шығындарды да өтемақы ретінде талап етпек. Аталған талапқа байланысты сақтандыру компаниясына тиісті өтініш жолданған.
«Қандай сома өтелетінін біз нақты осы жылдың соңына қарай ғана айта аламыз. Өйткені сақтандыру компанияларымен келісу — өте күрделі және ұзақ процесс», – деді Горбань OilgazKZ-ке берген сұхбатында.
Сондай-ақ, КТК 2025 жылы жоспарланған 76 млн тонна орнына тек 74 млн тонна мұнай тасымалдайды деп болжап отыр. Бұл 1,8 млн тоннадан астам ауытқу, оған кен орындарындағы жөндеу жұмыстары, ОПЕК шешімдері, дрон шабуылдары және Қазақстанның балама маршруттарды пайдалануы сияқты бірқатар фактор әсер еткен.
Дереккөз: ULYSMEDIA
Соңғы жаңалықтар





