Каспий теңізінде суға батып кеткен ер адам бес күннен бері іздестіріліп жатыр
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің акваториясында шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткен 1999 жылғы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарының жүріп жатқанына төртінші тәулік болды. Күрделі ауа райы жағдайларына және теңіздегі қатты толқынға қарамастан, құтқарушылар мен сүңгуірлер акватория мен жағалау сызығын тексеруді жалғастыруда.
Атап өтілгендей, іздестіру жұмыстарын өзгермелі гидрометеорологиялық жағдай, су астындағы көріністің шектеулігі, ағыс және тексерілетін аумақтың үлкендігі қиындатып отыр.
Операцияға 40-тан астам маман, жүзу құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сүңгуірлік жабдықтар, ТЖМ авиациясы, сондай-ақ Маңғыстау облысы ТЖД, ИІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаментінің күштері және «YKK Kazakhstan LLP» ЖШС мамандары жұмылдырылған.
Іздеу жұмыстары судан, әуеден және жағалау сызығының бойымен жүргізіліп жатыр. Сүңгуірлер топтары оқиға болған аудандағы теңіз түбі мен жағалау маңындағы акваторияны кезең-кезеңімен тексеруде.
ТЖД мәліметінше, 21 маусымда теңіз жағалауындағы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 27 жастағы жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Соңғы жаңалықтар