"Кейбір жастар арабтың қол-аяғын сүйіп жүр": Нұрлан имам қара жамылатындарға қарсы екенін айтты
996
Астанадағы Рыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы, белгілі теолог Нұрлан Байжігітұлы Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында қара жамылып жүретіндерді сынап тастады, деп жазады Politico.kz.
Нұрлан имам өз сөзінде қазір кейбір жастар арабтардың қол-аяғын сүйіп жүргенін айтты.
Қазақ ілеспе халықпыз. Еріп кете береміз. Әсіресе, қиналған сәтте біреу бізге келіп, бағыт-бағдар берсе, соның айтқанымен жүріп кетеміз. Ата-бабаларымыздың күнделікті өмірі диалектімізге, сүйегімізге сіңіп кеткен. "Әліпті таяқ деп танымайды" деген сөз де солардан келген. Бұл – біздің болмыс. Араб болып кеткен жоқ. Киімімен, шекпенімен, елді-жерді сақтап қалды. Ұлтқа, елге деген махаббат бір жерге жиналып тұрды. Дін руханияттанып тұрды. Бұрылып, арабты сүй деген жоқ. Қазір кейбір жастар арабтардың қолын, аяғын сүйіп жүр. Еліңді сүй, жеріңді сүй, даланың жусанын сүй, сол артығырақ, – деді ол.Нұрлан Байжігітұлы сондай-ақ Қазақстан ислам мемлекеті емес екенін, сол себепті қара киінуге қарсы екенін ашып айтты.
Білесіз бе, ТМД елдерінің ішінде біздің мемлекет қана қыз-келіншектерге орамалмен төлқұжатқа түсуге рұқсат берген. Бұл – Конституциялық құқығын еркін қорғаған мемлекет деген сөз. Біздің елде қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да, қабылдамаймыз. Мен өзім Қазақстанның азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Біз – зайырлы мемлекетпіз, Ислам мемлекеті емеспіз, – деп сынады Нұрлан Байжігітұлы.Фото: ашық дереккөз
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...