"Келін үйге ата-енені тәрбиелеу үшін келеді": Айгүл Иманбаева отбасындағы қарым-қатынас туралы айтты

"Келін үйге ата-енені тәрбиелеу үшін келеді": Айгүл Иманбаева отбасындағы қарым-қатынас туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында келін мен ата-ене арасындағы қарым-қатынас және отбасындағы жеке шекара туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, шаңыраққа келін түскеннен кейін жас келін ғана жаңа ортаға бейімделмейді, сонымен қатар үйдегі үлкендердің де мінез-құлқы мен әдеттері өзгереді:

«Келін үйге сені тәрбиелеу үшін келеді. Ата-енені тәрбиелеу. Мысалы, шорты киіп жүретін аталар шалбар киіп шығады. Майкамен шықпайды. Ене де күйеуіне ұрыса салатын бала көзінше, келін келгенде жайлап көзбен ұрысады. Оның бәрі тәрбие ғой, үйге келген келін ата-енесін тәрбиелейді», — деді актриса.

Сонымен қатар Айгүл Иманбаева ұлы есейіп, шаңырақ көтергеннен кейін оның жеке кеңістігіне құрметпен қарап, жас отбасының бөлмесіне мүлде кірмейтін болғанын атап өтті. Әншінің пікірінше, әр адамның жеке шекарасын сақтау отбасындағы сыйластықтың басты кепілі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу