"Жұлдыз жаман болса да...": келіндерін бөлектеген Гүлзира Айдарбекова сынның астында қалды

06.01.2026 14:10 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
892
Фото: ашық дереккөз

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үшінші сәбиін босанды. Елден сүйінші сұраймын деп продюсер елден сөз естіді, деп хабарлайды Politico.kz

Ол арнайы келініне жазба жариялап, артынша перзентханаға да барған.

Парақшасында немересін құшағына алған сәттен фото жариялап үлгерді. Бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шықпай қалды. Оған оқырмандары реніштерні білдіріп жатыр.

"Егер бұл рас болса, ең алдымен жұлдызды ұлға қиын тиеді. Ал келіндер дайынға келген, үлкен келіннің жүріп өткен ауыр жолынан өтпеген. Әрқайсысы өз жолымен жақсы шығар, бірақ келіндерді бөліп-жару – бұл қорлау, жасырын буллинг, әдейі жасалған агрессия. Әйелдерді бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Ол да – әйел. Даналық таныту керек. Өйткені ол өмірден өткеннен кейін де бұл әулетті келінімен бірге басқарады. Атасы – нағыз азамат, ешкімге ауыр сөз айтпаған, өте парасатты адам", "Мың жерден алтын болса да, Жұлдыз жаман болса да, Қазақстанды екіге бөліп, елге жар салудың не керегі бар? Әжелер балалары мен немерелері бір отбасында, тату-тәтті өмір сүрсін деп тілемей ме? Егер Жұлдыз жаман болса, Қайратты ажыратып, қасында ұстап отыратындай қандай енелік бұл? Ене деген – елдікті ойлайтын ана емес пе?!", "Даналық жетіспейді… Ұлдарының әйелдерін және туған немерелерін осылайша бөліп қарау – әулеттің ең үлкен анасы үшін өте түсініксіз қадам. Егер бұл шындық болса, бұл хайп емес, ең алдымен жұлдызды ұлға ауыр соққы. Мұндай жағдайда сабыр мен парасат қажет" деп жазды жұрт.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий