"Кешіре алмайды": Мөлдір Мұқан қоғамдағы қатыгездікке үн қатты

21.08.2026 12:24 Мөлдір ҚАЙНАР
82
Фото: видеодан скриншот

Танымал блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің қолынан қаза тапқан келіншектердің тағдырына байланысты жүрекжарды жазба жариялап, жан күйзелісін әнмен жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл қадамының ешқандай танымалдық жинау емес екенін, қоғамдағы ортақ қайғыға бейжай қарай алмағанын түсіндірді.

"Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?", – деді ол.

Сонымен қатар блогер отбасындағы қатыгездік салдарынан талай шаңырақтың шаттығы сөніп, орны толмас қасіретке ұласқанын ашына атап өтті.

"Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны – ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды. Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Войдите, чтобы оставить комментарий