"Кетеміз": Аяғы ауыр Ерке Есмахан отбасымен шетел аспақ

30.12.2024 14:36
0
120
instagram.com/erke_esmahan

Бірер күн бұрын үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Ерке Есмахан енді шетелге жолға шығуға қызу дайындалып жатыр. Жұлдызды жанұя бұл жолы ұзақ уақытқа кетіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ерке Есмахан бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Үшінші перзентіне аяғы ауыр өнер иесі осы жолы шетелде ұзақ уақыт болатынын хабарлады. Алайда әнші нақты қай елге жол тартатынын ашып айтпады. Жұлдызды отбасы бұл сапарына Жаңа жыл мерекесінен кейін аттанады. 

"Жаңа жылға екі күн қалды. Райм желтоқсанда күнде концерт, корпоративте жүрді. Муслим сабағы аяқталып, демалысқа шықанынан мәз. Ислам әзірге үйдің кенжесі, еркесі. Мен аяғы ауыр саудагер апай үйде жатырмын. Жаңа жылдық дастарханның шаруасын шешіп қойдым. Енді ақырындап киім-кешекті жинастыру керек. Бұйыртса, ұзақ уақытқа демалысқа кетеміз", - деп жазды шоу-бизнес өкілі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий