Шығыстағы әкім боқтық сөздері үшін халықтан кешірім сұрады

Шығыстағы әкім халыққа боқтық айтқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округінің әкімі Төлеухан Қуаныш Төлеуханұлы қоғамдық тыңдау кезінде тұрғындарға дөрекі сөйлегені үшін халықтан кешірім сұрады.
«Мен Төлеуханұлы Қуаныш Төлеуханұлы Шығыс қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімімін. Осы ауылда туып өстім, осы ауылдың өркендеуіне қолымнан келгенше жұмыс атқарып жатырмын. Кеше ауылымызда қоғамдық тыңдалым өтті. Қоғамдық тыңдалым барысында бейтаныс адамдар келіп, қоғамдық тыңдалымның өтуіне кедергі келтірді. Сол кедергілердің себептерінен қоғамдық тыңдалым бес сағатқа созылды. Сол кезде эмоцияға беріліп, әдепсіз сөздер айтқанымыз үшін Шілікті ауылдық округінің халқынан кешірім сұраймын», - деді әкім кешірімінде.
Еске сала кетсек, бұған дейін әкімнің халықпен кездесу кезінде дауыс көтеріп, боғауыз сөйлеген видеосы тараған болатын.
Соңғы жаңалықтар





