«Кезінде Димашқа сын айтқан адамдар ғой»: Баян Алагөзова әнші Тұрардың әнін сынап тастады (ВИДЕО)

«Кезінде Димашқа сын айтқан адамдар ғой»: Баян Алагөзова әнші Тұрардың әнін сынап тастады (ВИДЕО)
21.10.2025 15:34
0
791
Фото: instagram.com/turar__ydyrys

Танымал продюсер Баян Алагөзова жас әнші Тұрар Ыдырыстың ән айту мәнерін келтіріп, оны қатты сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Қазақстан дауысы» тележобасында қазылар алқасының мүшесі болып отырған Баян мен оның сіңлісі Бағым Тұрардың орындауын талқылап, ән айту тәсілін сынға алды.

«Қазір «мен ешкімді сүймеймін, маған ешкім ұнамайды» деп айту сәнге айналды ғой. Негізінде, олардың не айтып тұрғанын түсінбейсің», – деді Баян.

Дәл сол сәтте оператор камераны Тұрарға бұрып, оның реакциясын көрсетті. Әнші өнердегі беделді әріптесінің сынына тек жымиып қана жауап қатты.
Желі қолданушылары, керісінше, Баянды сынға алды:

 «Олар кезінде Димашқа сын айтқан адамдар ғой»,
 «КешYou тобының әндерінің де мағынасы жоқ, бірақ айтып жүр ғой»,
«Өздерінен асып кеткен әншілерді сынай береді, Баян да, Бағым да», – деген пікірлер қалдырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий