Киев АҚШ-тың сайлау өткізу талабына жауап берді
814
Украина билігі президент сайлауын кейінге шегерді
АҚШ өкілі Кит Келлог Украинада 2024 жылдың соңына дейін президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Дегенмен, бұл бастама Украина билігі тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Президент кеңесшісі Дмитрий Литвин Келлогтың толық сұхбаты әлі жарияланбағанын, алайда ондағы идеялар қазірдің өзінде даулы екенін атап өтті. Оның пікірінше, тек сайлау өткізу мен атысты тоқтатуға бағытталған ұсыныстар жеткіліксіз, себебі Ресей бұл қадамдардан қорықпайды.
"Мәскеу оқ-дәрі өндірісін арттырып, санкцияларды айналып өтуде және Солтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатуда. Бұл процестер атысты тоқтатумен байланысты емес", – деді Литвин.
Ол сондай-ақ Украина АҚШ-пен серіктестікке дайын болғанымен, ресми тұлғалардан тереңірек стратегия күтетінін айтты.
DW дерегіне сүйенсек, Украинада президенттік сайлау 31 наурыз 2024 жылы өтуі керек еді, алайда соғыс жағдайына байланысты кейінге шегерілді.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады