"Көбелектер": танымал сарапшы Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі туралы ащы шындықты айтты
Танымал кәсіпкер әрі сарапшы Айнұр Қалымбетова қоғамда қызу талқыланып жатқан екінші әйел, тоқал мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіріп, бұл құбылыстың астарындағы шындықты ашып айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Сарапшының пікірінше, өзгенің берекелі отбасын бұзу арқылы бақыт табу – көп жағдайда теріс нәтижеге алып келеді. Ол бұл мәселені белгілі тұлғалардың өмірімен салыстыра отырып түсіндірді.
"Бүкіл ел танитын Баян Мақсатқызы мен Тұрсынбектің тоқалы Айман туралы талдап көрсек. Баян Мақсатқызы алдына мықты мақсаттар қоя білетін, жігері өте мықты әйел.
Баян тынбай еңбек етіп, аяқтан тік тұрған адам. Танымалдық, атақ дегенді ол кезінде өз еңбегімен алып қойған. Бір сұхбатында "маған еркек сүйіспеншілік, махаббат үшін керек" деп ашық айтқан еді.
Осылайша Баян шынайы сезім үшін адал, әділ жолмен бақытына қол жеткізді. Соған лайық өмірін де сүріп жатыр".
Ал сарапшы екінші әйел болуға ұмтылатындардың психологиясына да тоқталды.
"Ал Тұрсынбектің тоқалының Баяннан айырмашылығы, әдетте қалталы еркектердің қасында үйіріліп жүретін көбелектер болады. Ондайлар "егер осы еркекті уысыма түсірсем, атақты, танымал болам, бай болып, шалқып күн кешем. Еркектің бірінші әйелі құрып кетсін, сырғыта салам, қабырға емес" деп ойлайды".
Оның айтуынша, өмірде әр адамның алатыны – өз ниеті мен әрекетіне байланысты.
"Әйтсе де, құдайдың да өз есебі бар. Тұрсынбек тоқалына кеткенде, Мөлдірдің жұлдызы жанып, тасы өрге домалады. Ал Айман танымал болды, бірақ негатив, яғни жағымсыз жағынан танылып, төменге құлдырады.
Демек, әркім өз энергиясына қарай лайықтысын алады".
Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің түрлі көзқарасын туғызды.
Соңғы жаңалықтар