«Көкемнің талғамы мықты»: Жұбаныш Жексенұлы мойындаған жас әншілер кімдер?
624
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы «Қызық times» бағдарламасына қонақ болып, қазіргі жас орындаушылар туралы ашық пікір білдірді. Өнер иесі бүгінгі музыкалық кеңістікте өзіне ерекше әсер қалдырған жас әншілердің есімдерін атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz
Жұбаныш Жексенұлының айтуынша, ол Yenlik, Aro және De Lacure сынды орындаушылардың шығармашылығын қызыға тыңдайды. Әнші жастардың ізденісі мен жаңа форматтағы туындыларын жоғары бағалап, олардың өнерге деген көзқарасы көңілінен шығатынын жасырмады.
Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік аға буын өкілінің жастарды ашық мойындауын оң қадам ретінде қабылдады.
Оқырмандар:
«Көкемнің талғамы мықты», «Жастарды мойындап тұрғаны – бұл кісінікі ерлік», «Аға буыннан осындай қолдау керек» деп жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, Жұбаныш Жексенұлының бұл пікірі буындар арасындағы шығармашылық сабақтастықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
19:07
Алматыда ағаш басып қалған 19 жастағы бойжеткен...
10.07.2026
18:12
Бишімбаев ісімен танылған прокурор Айжан Аймаға...
10.07.2026
18:04
Алматыда екі жыл бұрын жұмбақ жағдайда өлген бо...
10.07.2026
17:26
ҰҚК Тілек Махуовқа қатысты тергеуді растады
10.07.2026
17:07
Астанада мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
10.07.2026
16:43
Мейірман Шекеев «Барлық заңды оқыдым» деген Аша...