«Көкпарға, тойға мінерсіз!». Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке ат мінгізді
979
Әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізді, деп хабарлады politico.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі спортшы алтын алған күні ауырып қалып, жөнді құттықтай алмағанын жеткізді.
Алтын – алтын емес, сен – алтынсың» деп әндетіп тұрмын. Париж Олимпиадасында топ жарған Елдосты да құттықтай алмадым. Сол кезде қатты ауырып қалған едім. Асықпай құттықтаймыз. Олимпиадаға кетіп бара жатқан кезде бірге шай ішіп, бата қылып едік. Соны Құдай қабыл еткен екен. Кетіп бара жатқан кезде ағаларым берген аты бар еді, мықты аттың төлі. Соны сол жерде беремін деп отыр едім, ол Шымкентке жетпей қойды. Содан кеткеннен кейін өзіне «жаңа бере алмай қалдым» деп жазып жібердім. Ұлдарыңыздың алып келген алтын медалі құтты болсын. Өте қатты қуаныштымыз, – деді әнші.Сондай-ақ ол спортшының жеке телефон нөміріне хабарлама жазып жібергенін де көрсетті.
Алла бере салған Елдосым! Мынау сізге атаған тұлпарым болсын! Сіз кетемін дегенше, Шымға жетіп болмаған соң айта алмап ем. Көкпарға, тойға мінерсіз! Тұлпарыңыз салым сала берсін, өзіңіз алтындар ала беріңіз, досым! Кез келген уақытта, қашан алып кетемін десеңіз де Шымкентте дайын тұр. Құт болсын! Алтын адамсыз ғой! – деп жазған Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке.Фото: nstagram.com/toregalitoreali
Соңғы жаңалықтар
21.05.2026
23:29
АҚШ азаматтығын алып беремін деп 896 млн теңге ...
21.05.2026
22:41
Қазақстанда ірі шетелдік инвестициялық жобалар ...
21.05.2026
22:28
Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақ...
21.05.2026
21:39
Алматыда әскери колледж басшылығы Қайрат Сатыба...
21.05.2026
21:19
Алматыда қоқысты энергияға айналдыратын зауыт с...
21.05.2026
20:19
Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы жаңа лауазым алды