Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жықты

Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жықты
Фото: IStock.com

Көкшетау қаласында қоғамдық көлік ішінде жанжал шығып, екі ер адам автобус жүргізушісіне күш көрсеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға куә болған жолаушылардың айтуынша, ер адамдар мас күйде болған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Куәгерлердің сөзінше, жанжал автобус салонында басталған. Жүргізуші екі ер адамнан басқа жолаушылардың еркін өтуіне кедергі келтірмеу үшін салонның алдыңғы жағына қарай жылжуын сұраған. Алайда қарапайым ескертуге ер адамдар дөрекілікпен жауап беріп, арты төбелеске ұласқан.

Оқиға кезінде екі азамат жүргізушіге жұдырық ала жүгіріп, оған шабуыл жасаған. Қоғамдық көліктегі жанжал жолаушылардың да мазасын алған.

Аталған жағдайға қатысты Көкшетау қалалық полиция бөлімінің өкілдері түсініктеме берді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, жанжалға қатысқан азаматтардың жеке басы анықталып жатыр.

Полиция барлық мән-жай анықталғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданатынын хабарлады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу