Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? Семейде бұрынғы басшы сот алдында

Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? Семейде бұрынғы басшы сот алдында
Фото: Egemen Qazaqstan

СҚО-да бұрынғы басқарма басшысы мен бес орман шаруашылығының директоры сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz агенттгі “Halyqstan” Telegram арнасына сілтемемен.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Ерболат Бекшенов пен бес орман шаруашылығының директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша сотқа тартылды. Жеті адамға қатысты қозғалған қылмыстық іс 500 мың теңгеге байланысты тергеліп жатыр.

Айыптау нұсқасына сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде өңірдегі бес орман шаруашылығынан заңбұзушылықтар анықталған. Алайда ақша жиналды деген кезеңге дейін жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылған.

Соған қарамастан, тергеу мәліметінше, Ерболат Бекшенов орман шаруашылықтарының басшыларын оларға әлі де Әдеп жөніндегі кеңесте мәселе қаралып, қызметінен айырылу қаупі бар екеніне сендірген. Осылайша, ол басшылардан ақша жинау туралы ұсыныс жасаған.

Айыптау тарапының дерегінше, қаражатты жинау үшін Бекшенов Соколов орман шаруашылығының директорын араға салған. Бес мекеме басшысынан жиналған ақша алдымен соған, кейін басқарма басшысының орынбасары арқылы Бекшеновке берілуі керек болған.

Алғашқы 400 мың теңге 1 наурызда тапсырылған. Келесі күні тағы бір директор Бекшеновпен сөйлескеннен кейін 100 мың теңге бергені айтылып отыр.

Алайда 21 наурызда басқарма басшысының орынбасары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне жүгініп, жиналған 500 мың теңгені өз еркімен тапсырған.

Осыдан кейін Ерболат Бекшеновке қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Ал Соколов орман шаруашылығының директорына сыбайлас болу, қалған басшыларға пара беруге оқталу айыбы тағылған.

Сот отырысында айыпталушылардың ұстанымы әртүрлі болған. Бекшенов, Соколов орман шаруашылығының директоры және тағы төрт басшы кінәсін мойындаған. Олардың кейбірі прокурормен процестік келісім жасасуға ниетті екенін білдірген.

Ал тағы бір орман шаруашылығының директоры өз кінәсін мойындамай отыр. Оның қорғаушылары басшысының қысымымен ақша беруге мәжбүр болғанын айтып, оны бопсалаудың құрбаны деп санайды. Осыған байланысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған.

Сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылардың кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденген болып саналмайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу