Көлігін 5 минуттан артық қыздырып айыппұл төлеген жүргізушіге ақшасы қайтарылады

Көлігін 5 минуттан артық қыздырып айыппұл төлеген жүргізушіге ақшасы қайтарылады
25.01.2025 15:01
0
171
ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласының тұрғынына автокөлікті 5 минуттан артық жылытқаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды алып тастады.

Тексеру барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкері көлік тұрақ ережесін бұзу фактісі бойынша азаматқа айыппұл салғаны анықталды. Алайда әкімшілік іс жүргізу кезінде процестік қателіктерге жол берілгені және көлік жүргізушісінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтардың жоқ екені белгілі болды.

Петропавл қаласының прокуратурасы бұл шешімге наразылық білдіріп, полиция қызметкерлерінің әрекетін заңсыз деп таныды. Нәтижесінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылып, көлік жүргізушісіне салынған айыппұл алынып тасталды.

Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың бәріне бас салып айыппұл салынбайтынын, әлдекімнен шағым түсіп, ол дәлелденсе ғана айыппұл қарастырылатынын жеткізген.  

Ақпарат Qaz365.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или