"Көп нәрсеге тыйым саламыз": Жұманғарин оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін ЖК үшін шектеулер туралы мәлімдеді

13.08.2025 17:09
0
377
Сурет digitalbusiness.kz сайтынан

Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін қызмет түрлеріне қатысты жаңа шектеулер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Бұл туралы ол бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, оңайлатылған(упрощёнка) салық режимін қолдана алмайтын қызмет түрлерінің тізімі жасалып жатыр. Бұл өзгеріс салықтан жалтару әрекеттерін азайтуға бағытталған.

«Біз қазір бұл тізімді Ұлттық палатамен бірге жасап, пысықтап жатырмыз. Жалғыз мәселе неде? Тізім өте үлкен, себебі біз тыйым салатын нәрсе көп болады», – деді Серік Жұманғарин.

Ол қандай шектеулер болатынын да түсіндіріп өтті. Жаңа ереже бойынша, тыйым салынған тізімге енген кәсіпкерлер оңайлатылған декларация режимімен жұмыс істей алмайды. Яғни, олар үшін жылдық айналымы 2,4 млрд теңгеге дейін және жергілікті мәслихаттар белгілейтін 4% салық мөлшерлемесі сияқты жеңілдіктер болмайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий