Көпбалалы әйелге үйленген ҰҚК шекара қызметінің подполковнигі шенінен айырылып, сотталды  

17.08.2026 11:33 Әсел МҰРАТ
Көпбалалы әйелге үйленген ҰҚК шекара қызметінің подполковнигі шенінен айырылып, сотталды  
193
Фото: today.kz

Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің 45 жастағы бұрынғы аға жедел уәкілі әскери атағынан айырылып, алты жылға  сотталды, деп хабарлайды Politico.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Көпбалалы отбасы арқылы баю» схемасы

Ақтөбе гарнизонының әскери соты К.Алмат сімді подполковникті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарған офицер мемлекет қазынасынан қомақты қаражат алудың жолын ойластырған. Схема қарапайым болғанымен, өте батыл еді.

2022 жылы подполковник өз некесін бұзып, танысының әйелін (кей дереккөздерде бұрынғы әйелінің ағасының жұбайы екені көрсетіледі) күйеуімен ажырасуға көндірген. Офицермен жалған неке қиюы үшін төрт баланың анасына 3 миллион теңге «сыйақы» уәде етілген.

Отбасы құрамына жаңа «жұбайын» және төрт баланы енгізген шекарашы тұрғын үй төлемдерін алуға құжат тапсырған.

Мемлекет отбасының әр мүшесіне 8,6 миллион теңгеден есептеп, 2023 жылдың наурызында офицердің шотына жалпы сомасы 50 157 942 теңге аударылған.

Подполковник бұл қаражатты көп күттірмей жұмсаған. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол осы ақшаға Қостанай қаласынан өз танысынан 50,5 миллион теңгеге үй сатып алған. Кейін қаражат басқа банк арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Оның 3 миллион теңгесі «қызметі» үшін көпбалалы анаға берілген.

Ал 2024 жылдың мамырында «бақытты» неке ресми түрде бұзылған.

Сотталушы «Бұл махаббат еді» дейді?

Сот отырысында подполковник соңына дейін кінәсін мойындамай, болған жағдайды романтикалық қарым-қатынас ретінде көрсетуге тырысқан.

Оның айтуынша, әйелмен чатта танысып, хат алмасу арқылы жақындасқан. Ал бөлек тұру себебін «балалардың мектепті бітіргенін күттік» деп түсіндірген.
Кенеттен ажырасуды ол жай ғана қызғанышпен байланыстырды: жаңа әйелі оның бұрынғы жұбайының жүкті екенін біліп қойып, ажырасуға арыз берген, содан кейін ол қайтадан бірінші отбасына оралған

Алайда «жас жұбай» бұл романтикалық нұсқаны жоққа шығарды. Сотта әйел олардың арасында ешқандай қарым-қатынас болмағанын айтты. Оның сөзінше, оны жалған некеге тұруға «зейнетақы жинақтары» үшін көндірген. Ал 50 миллион теңгеден астам қаражат туралы ол тергеушіге жауап беру кезінде ғана білген. Осыдан кейін әйелдің өзі арыз жазған.

Әскери сот жалған «махаббат хикаясына» сенбеді

Сот үкімімен әскери қызметші 6 жылға бас бостандығынан айырылып, «подполковник» әскери атағынан айырылды. Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметінің азаматтық талап-арызы бойынша сотталған азаматтан 43 370 190 теңге көлеміндегі келтірілген залал өндірілді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсірілуі мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий