КТК-ға дрон шабуылы Қазақстан мұнай экспортына қалай әсер етеді?

2025 жылғы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының (КТК) "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына дрон шабуылы жасалды. Қазақстанның энергетика министрлігі бұл шабуыл елдің мұнай тасымалдау жүйесіне тікелей қауіп төндірмейді деп мәлімдегенімен, КТК сарапшылары жағдайдың әлдеқайда күрделі екенін айтуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мұнай саласына әсері қандай?
- Сарапшылар пікірінше, КТК-дағы жөндеу жұмыстары кем дегенде 1,5-2 айға созылады.
- Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы дәл осы құбыр арқылы экспортталады.
- Тасымалдау жүйесінің толықтай қалпына келмеуі мұнай өндірісін 30%-ға төмендетуі мүмкін.
"Егер мұндай шабуылдар жалғаса берсе, мұнай экспорты тоқтауы мүмкін, бұл Қазақстан экономикасына үлкен соққы болады", – дейді "PetroCouncil" төрағасы Асылбек Жақиев.
КТК-дағы зақымданулар қандай?
- Төбесі қираған
- Жоғары вольтты жабық тарату құрылғысы (ЗРУ) істен шыққан
- Газ турбиналық қондырғы (ГТҚ) жұмыс істемейді
- Электр кабельдері мен эстакадалар зақымданған
- Өрт сөндіру жүйесі істен шыққан
- Екі трансформатор жойылған
PACE Analytics директоры Аскар Исмаиловтың айтуынша, бұл зақымданулар тасымалдау қуаттылығын 30%-ға дейін төмендетуі мүмкін.
Мұнай өндірісі қаншаға қысқарады?
Сарапшылардың болжамдары:
Өндіріс көлемі 25-30%-ға төмендейді
Экспорттық шектеулер "Теңізшевройл", NCOC (Қашаған), Қарашығанақ кен орындарына әсер етеді
Жөндеу жұмыстары 2-3 айға созылса, мұнай тасымалдау шығыны 35%-ға жетуі мүмкін
"Басты мәселе – шабуылдың қайталануы. Егер тағы осындай жағдай орын алса, мұнай экспорты мүлдем тоқтауы мүмкін", – дейді Асылбек Жақиев.
Қазақстан қанша шығынға ұшырауы мүмкін?
Қазақстан 300-500 млн доллардан 1,5 млрд долларға дейін табысынан айырылуы мүмкін
Егер экспорт төмендеуін жалғастырса, шығын көлемі 2 млрд долларға жетуі мүмкін
Қазақстан экономикасы үшін бұл үлкен соққы болмақ
"Бұл тек тікелей шығындар емес. Қазақстанның мұнай нарығындағы беделіне де әсер етеді", – дейді Аскар Исмаилов.
Дипломатиялық қадамдар
Қазақстан шабуыл мәселесін Украинамен дипломатиялық арнада талқылайтынын мәлімдеді.
Министрлік КТК-ға шабуылдан кейін мұнай тасымалдау уақытша шектелгенін хабарлады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Теңіз – Новороссийск бағыты бойынша мұнай тасымалы шектеулі режимде жалғасуда.
Ақпарат inform.kz сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





