КТК-ға шабуылды қолдағандар істі болды

06.01.2026 15:29 Арман Ермеков Арман Ермеков
КТК-ға шабуылды қолдағандар істі болды
0
743
Фото: ІІМ

Астана қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіде Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылды қолдап пікір жазған азаматтарды тергеуге алды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл ақпаратты Бас прокуратура Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Болат Керімбек және Сергей Пономаревтің сауалына берген ресми жауабында растады.

Құқық қорғау органы 2025 жылдың 17 желтоқсанында Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сыныптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта полиция күдікті тұлғаларды анықтап, олардың кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинауда.

Депутаттар өз сауалында кейбір азаматтардың стратегиялық нысанның қирауын ашық қолдап, Конституциялық шеңберден шыққанын айтқан еді. Олар мұндай әрекеттерге құқықтық баға беріп, істі «Терроризмді насихаттау» (256-бап) немесе «Мемлекетке опасыздық жасау» (175-бап) баптарымен қарауды ұсынған болатын.

Халық қалаулыларының дерегінше, КҚК арқылы елге жылына 30 миллиард долларға жуық қаржы түседі. Оның үштен бірі Ұлттық қорға аударылады. Терминалдың ұзақ уақыт тоқтап тұруы Қазақстанға айына 500 миллион доллар шығын әкелуі мүмкін.

Еске салайық, 2025 жылдың 29 қарашасында Новороссийск маңындағы КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады. Салдарынан ВПУ-2 айлақтық құрылғысы істен шықты. ВПУ-3 жөндеуде болғандықтан, экспорттық қуат күрт төмендеді. Ресми Астана бұл оқиғаны агрессия актісі деп атады

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий