«Күйеуі миллиардер, бірдеңе қылып алып берер»: Мақпал Жүнісова Баянға өтініш жасады (ВИДЕО)

17.11.2025 08:17 Әсел Мұрат
«Күйеуі миллиардер, бірдеңе қылып алып берер»: Мақпал Жүнісова Баянға өтініш жасады (ВИДЕО)
0
131
Фото: ашық дереккөз. суретте: Мақпал Жүнісова

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, продюсер Баян Алагөзоваға өтініш жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Желіде марқұм Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу ханым үйім жоқ, далада қалдым деп айтып жатыр. Оның бәрі біздің жүрегімізге батады. Өзім-ақ алып берер едім, бірақ менде артық ақша болмайды. Миллионердің әйелі емеспін. Сондықтан әкімдіктің жігіттеріне хабарласып, қалай көмек беруге болатынын сұрадым. Қазір әкімдіктің балансында үй болмайды екен. «Әй, үйді бере қоймайды-ау» деген әңгіме естідім. Енді сенентін бір адамым бар, ол –  өздеріңізге белгілі Баян Мақсатқызы. Баянның күйеуі миллиардер», - деп бастады әңгімесін халық әртісі.

Ол бір адам байыса, жан-жағындағыларды да ойлауы қажеттігін атап өтті.

«Арман Дүйсенов Баян Мақсатқызын қатты сыйлайтын. Қашан көрсең, Баянға өте жоғары баға беріп отыратын. Оның көптеген жобасына атсалысты. «Кешьюдің» әндерін жазып берген. Досым деп айтатын. Сондықтан Баянға ғана сеніп отырмын. Жолдасы екеуі ақылдасып шешетін шығар. Баянжан, бірдеңе қылып бір үй алып беріңіздер. Сіздердің абыройларыңыз одан сайын асқақтайды деген ойдамын. Мүмкін жарты ақшасын біз жинап берерміз. Екі тойға барып, ақшасын көмек ретінде берейін. Бірақ қалғандары бере ме, жоқ па, айта алмаймын. Халықтан ақша жинамай-ақ қояйық, ұят болатын шығар», - деп түйіндеді Мақпал Жүнісова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий