Лукашенко Путиннен "Орешник" жүйесін Беларуське орнатуды өтінді

Лукашенко Путиннен
09.12.2024 14:11
0
58
Getty Images
Лукашенко Ресейдің әскери жүйесін сұрады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннен Беларусь жерінде "Орешник" әскери жүйесін орналастыруды сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл ұсыныс Минскте өткен Одақтас мемлекет Жоғары мемлекеттік кеңесінің отырысында айтылды.

Лукашенконың айтуынша, "Орешник" жүйесінің орналасуы Беларусь пен Ресейдің қорғанысын күшейтеді. Ресей президенті бұл ұсынысты қолдап, оны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.

"Біз бүгін қауіпсіздік кепілдіктері туралы Келісімге қол қойдық, сондықтан "Орешник" жүйесін Беларуське орналастыру мүмкін деп есептеймін. Бұл жүйелерді өндіру көлемі артқан соң, келесі жылдың екінші жартысында жүзеге асырылуы ықтимал", — деді Путин.

Айта кетейік, өткен жылы Ресей Беларусьте тактикалық ядролық қару орналастырған болатын. Лукашенконың сөзінше, бұл бомбалардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан үш есе күшті.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или