"Маған ол кісі керек емес". Туған әкесін керек етпеген қыздардың әрекеті елді шошытты

«Астарлы ақиқат» бағдарламасы Тараз қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатқан Тұрғынбек Шалбаевтың өмірі туралы сюжет дайындады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрғынбек атаның айтуынша, оның екінші әйелінен екі қызы бар, бірақ белгісіз себептермен отбасынан ажырап, перзенттерін 30 жылдан аса уақыт көрмеген. Қария енді қыздарымен қайта қауышуды армандайды.
Редакция қызметкерлері қарияның қыздарына хабарласқан кезде, олардың бірі әкесін қабылдағысы келмейтінін ашық айтты.
«Маған ол кісі керек емес, менің өз әкем бар. Қазіргі әкем өте тамаша адам. Өз әкем бізді кішкентай кезімізде тастап кеткен. Нағашы атамның қолында өстім. Сол кездегі ауыр жағдайлар әлі есімде. Қазіргі әкем мені оқытып, өсірді, оған алғысым шексіз. Ал туған әкемді көргім де, естігім де келмейді», – деді қызы.
Ал Тұрғынбек Шалбаев қыздарынан кешірім сұрап, өмір бойы қой бағып, қиындықпен күн кешкенін жеткізді.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Пікірлер екіге жарылды:
«Қазір алимент төлемей жүргендер болашақта осылай отырасыңдар»,«Не болды сонша? Алқаш емес, ауру емес – өз қаны ғой»,«Сауап болды, жас кезінде көмектеспеген әкенің қазір не керегі бар?»,«Қате бір жақтан болмайды, қате екі жақтан болады»,«Қыздары дұрыс істеді».
Осылайша, көпшілік әкенің де, қыздарының да әрекетіне әртүрлі баға берді.
Соңғы жаңалықтар





