"Маған пәк қыз керек". Қуат Хамитов өзін Сабина Алтынбековаға "қосқандарға" жауап берді

18.03.2025 14:17
0
176
коллаж politico.kz

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқанын ресми түрде растағаннан кейін, көпшілік аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовке бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес беріп жатыр. Өйткені қос спортшы бұған дейін әлеуметтік желіде бірге контент жасап, көпшіліктің назарын өзіне аударған болатын, деп хабарлайды POLITICO.KZ 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда, Қуат Хамитов бұл пікірлерге қарсы шығып, Instagram парақшасында көпшіліктің өзін белгілеуін тоқтатуды сұрады. «Жігіттер, мені белгілеуді доғарыңдар, мен сендерге қандай қыздарды ұнататынымды айттым», – деп жазды спортшы.

Бұған дейін Хамитов сұхбаттарының бірінде үйленетін пәк қыз табу қиын екенін айтып, қазіргі жастардың өмір салтына сын айтқан еді. Оның пікірінше, әлеуметтік желідегі образ бен шынайы өмірдегі болмыс жиі сәйкес келе бермейді. Сондай-ақ, ол қыздардың көбі алкоголь ішетінін, ал өзі болашақ жарының тәрбиелі, адал әрі қазақы дәстүрді ұстанатын жан болғанын қалайтынын жеткізген.

Қазіргі таңда спортшының жүрегі бос екенін айтып, жеке өмірден гөрі мансабына көбірек көңіл бөліп жүргенін атап өтті. Ол ата-анасына үлкен үй салып бергенін және болашақ жарын дәл осы шаңыраққа алып келуді армандайтынын айтты. Спортшы үшін болашақ жарының қарапайым, ақылды және ата-анасына құрметпен қарайтын қыз болуы маңызды екенін де ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий