"Маған түстері ұнамайды": Akmal'-дың өтпей қалған концертіне қатысты дерек шықты

08.04.2026 15:14 Арман Ермеков
235
Akmal'-дың өтпей қалған концертіне билет алғандардың ақшасы қайтарылады/Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында сот ресейлік әнші Акмаль Ходжаниязовтың (Akmal') Қостанайдағы өтпей қалған концерті үшін ұйымдастырушыны көрермендерге 5,3 миллион теңге қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Былтыр 25 қазанда Қостанайда ресейлік орындаушының концерті өтуі керек еді, бірақ іс-шара тоқтатылғандықтан, билет сатып алған адамдар ақшасын толық қайтара алмай қалған. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті халықтың мүддесін қорғап, Петропавл қаласының №2 сотына жеке кәсіпкердің үстінен шағым түсірді.

Істі қарау барысында ұйымдастырушының міндеттемені орындамағаны анықталып, сот шешімімен одан жәбірленушілердің пайдасына 5 380 126 теңге өндірілді. Департамент өкілдері кәсіпкерлер қандай жағдайда да тұтынушылар алдындағы міндетін толық орындауға тиіс екенін еске салды.

«Қызмет көрсету нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері тұтынушылар алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше және толық көлемде орындауға міндетті», - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 2025 жылдың қазан айында Петропавлда өткен концертте Ақмал көрерменнің сары-көк түсті пакетпен берген сыйлықты алған. Бірақ пакетті жағып жіберуді сұраған. Ол бұл түстердің өзіне ұнамайтынын айтқандықтан, көпшілік оны Қазақстан туына жасалған құрметсіздік деп қабылдады. Желіде үлкен дау тудырған осы оқиғадан кейін әншінің Павлодар, Өскемен және Қостанайдағы кештері техникалық себептерге байланысты бірден тоқтатылған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий