«Мамаң намаз оқымаса отқа өртеу керек». Оқушының сыныптастарына айтқаны елді шошытты

Мектеп оқушысы «аналарың намаз оқымаса отқа өртеу керек» деп айтып, елді шошытты.
Әлеуметтік желіде Мәзбол Есімжан есімді қолданушы ұлының сыныптастарына айтқан «әдепсіз» сөзін мақтанышпен көрсетті.
Ол ұсынған скриншотта «Мамаң намаз оқымаса отқа өртеу керек деген не сұмдық. «Мама, сені неге өртеу керек?» деп келіп тұр балам түсінбей. Оны Зәкария деген бала айтыпты, танымағандықтан осы топқа жазып отырмын» делінген. Желі қолданушы оны өзінің ұлы екенін айтады.
Ал көпшілік оны аямай сынға алған. «Балаңызға олай айтпа деу керек», «Діншіл әкесі тәрбиесіз ұлына күліп жатыр», «Мынау не сұмдық сөз, бұндай әңгіме айтылтауы керек үйде, намазды біреу отқа өртеп жібереді деп қорқып оқымайды, Аллаһтан қорқып оқиды. Бұлай бүлік шығармай тереңірек ойланыңыз. Қазақтар обал болады, ұят болады, жаман болады деп ақ салиқалы ұрпақ тәрбиелеп шығарып отырған. Ұрпағымыз Жауыздық, қатігездікті емес, мейірім, адамгершілікті бойына сіңіріп өскені абзал» деп жатыр көпшілік қауым.
Соңғы жаңалықтар




