Маңғыстауда ата-аналардың лагерьге жинаған ақшасы жымқырылған

Маңғыстауда ата-аналардың лагерьге жинаған ақшасы жымқырылған
09.12.2024 12:08
0
96
Polisia.kz
Маңғыстауда білім саласындағы алаяқтық дерегі анықталды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында білім басқармасы қызметкері ата-аналарды алдап, балаларды Алматыдағы лагерьге жібереміз деп, олардың ақшасын иемденіп кеткен. Оқиға бойынша 60-қа жуық ата-ана зардап шекті. Әр отбасының шығыны 25 000-нан 300 000 теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Зардап шеккендер 10 мектептің ата-аналары. Олар балаларын жазғы демалысқа жібереміз деген уәделерге сеніп, қаражат жинаған. Бірақ лагерьге бару ұйымдастырылмады, ал ақшаны білім басқармасының қызметкері иемденіп кеткен болуы мүмкін.

Бұл жағдай ата-аналардың наразылығын тудырып, құқық қорғау органдарының араласуына себеп болды. Бұған дейін білім беру саласында негізінен бухгалтерлер тарапынан қаржы жымқыру оқиғалары тіркелген болатын. Бұл жолы алаяқтықтың жаңа түрі анықталды.

Түпқараған ауданының тұрғындары кінәлі тұлғаны жазалауды және ақшаларын қайтаруды талап етуде. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или