Маңғыстауда 10 адамның өмірін қиған жол апатынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды 

Маңғыстауда 10 адамның өмірін қиған жол апатынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды 
07.10.2025 09:31
0
104

Маңғыстауда Бекет атаға баратын жолда 10 адамның өмірін қиған жол апатынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды, деп жазады POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің бірі отадан кейін тергеу изоляторына жеткізілді, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Медициналық мәліметтерге сәйкес, қазір Жаңаөзен қалалық ауруханасынан үш зардап шеккен адам шығарылған. Олардың екеуі Жаңаөзеннен санитарлық авиация арқылы алдымен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, кейін әрі қарай Астанаға емделуге жіберілген.

Үшінші зардап шеккенге ота жасалған және ауруханадан шығарылғаннан кейін оны тергеу изоляторы қызметкерлері алып кетті. 

Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл адам – автомобиль жүргізушісі. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары аймақтағы соңғы уақыттағы ең ауыр жол апаттарының біріне айналған осы трагедияның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 11 қыркүйекте Қарақия ауданындағы тас жолда Toyota Hiace шағын автобусы жолдан шығып кетіп, аударылып қалған еді. Оқиға орнында сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілген. Барлық жолаушы – Қазақстан азаматтары. Олар елдің әртүрлі өңірлерінен шығып, Бекет-Ата әулие мешітіне зиярат етуге бара жатқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий