Маңғыстауда теміржолшы жұмыс орнында жұмбақ жағдайда көз жұмды
1027
Таңертең әріптесі жансыз денесін тапқан
Маңғыстау облысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкері жұмыс орнында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға 5 шілде күні таңертең Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезд станциясында болған. Станция бастығы 1983 жылы туған кезекші қызметкерді жұмыс орнынан тіршілік белгілерінсіз тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын растады.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметке сәйкес, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
08:40
Тізім Ресейге жолданады – СІМ Украинадағы соғыс...
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын