Маңғыстауда ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды

Маңғыстауда ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды
19.06.2025 18:36
0
67
Фото: Lada.kz

Куәгерлердің айтуынша, 19 маусым күні күндіз Қарақия ауданындағы Болашақ шекаралық теміржол станциясы маңынан белгісіз ұшатын аппарат табылған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір бұл дерек бойынша тиісті органдарға хабар берілгені белгілі. Оқиға орнына құқық қорғау және жедел қызмет өкілдері барып, мән-жайды анықтауға кірісті.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, табылған нысан – ұшқышсыз ұшатын аппарат.

Фотодағы аппарат сыртқы пішіні жағынан Иранда жасалған Shahed-136 (Ресейлік нұсқасы Герань-2 деп аталады) дрон-камикадзесіне өте ұқсас.

Негізгі белгілері:

  • Дельта пішінді қанаттар мен фюзеляжға тұтастай қосылған құрылымы;

  • Артқы бөлігінде сыртқа қарай иілген екі тік тұрақтандырғыш;

  • Артқы жағындағы итергіш винт – бұл Shahed-136 дронының айрықша белгісі;

  • Шассидің болмауы – бұл дрондардың бір реттік, қонбайтын құрылғы екенін көрсетеді".

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий