Маңғыстауда жүргізуші полиция бөлімі алдында өзін өртеп жібермек болды

21.11.2025 09:51 Арман Ермеков
Маңғыстауда жүргізуші полиция бөлімі алдында өзін өртеп жібермек болды
0
85
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында болған тосын оқиға жұртты шошытты. Жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған жүргізуші полиция ғимаратының алдында өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық полиция департаментінің ресми мәліметінше, қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын жіті тексеруде.

Оқиғаның өрбуіне қарапайым жол ережесін бұзу дерегі себеп болған көрінеді. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, заң бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Алайда, инспекторлардың заңды іс-әрекетіне наразы болған ер адам ашуға булығып, қарсылығын осындай қауіпті әдіспен білдіруді ұйғарған.

Куәгерлердің және әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, ашынған азамат аудандық полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне тікелей барған. Ол үстіне жанармай құйып, ойланбастан шырпы жаққан.

Абырой болғанда, оқиға орнындағы қызметкерлер сұмдық жағдайдың алдын алып, жалынды сөндіріп үлгерген. Денесін күйік шалған ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий